ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 мамыр 2018 12:46
Мартиросян нокаутқа дейін ұпай айырмасымен жеңіп тұрған - Статистика
WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жектің статистикасы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұпай айырмасы бойынша Мартиросян ұтып тұрған, бірінші раундты 9-10 есебімен америкалық жеңген.
Алайда екінші раундта отандасымыз соққыларын үдетіп, қарсыласын нокаутқа түсірген.
36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу