Мәскеуде қазақстандық екі боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Мәскеуде қазақстандық екі боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Қазақстандық екі кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай мен Райымбек Асан Мәскеуде өткізген жекпе-жектерінде жеңіске жетті, - деп жазады ВКонтакте желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобы.

Қазақстандық екі кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай мен Райымбек Асан Мәскеуде өткізген жекпе-жектерінде жеңіске жетті, - деп жазады ВКонтакте желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобы.

Дереккөздің мәліметінше, екі боксшы да мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Екеуінің де қарсыластары ресейліктер болған. Райымбек Асан Дмитрий Рахмановпен жұдырықтасса, Ғалым Шағатай Александр Салтыковпен кездесу өткізген.

Бұл Райымбектің кәсіпқой рингтегі мерзімінен бұрынғы екінші жеңісі екен. Ал Ғалым бұл жолы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулына ие болды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама