30 тамыз 2022 | 10:15

Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырған суретін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Twitter @Zedbugs1

Бокстан әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырған суреті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бокстан әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырған суреті туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Аты аңызға айналған "Темір" Майк Тайсон жақында жанкүйерлерін алаңдатып қойған. Олар 56 жастағы бокс иконасы мүгедектер арбасында отырғанын байқап қалған.

Дереккөздің айтуынша, кезінде белгілі боксшы "жарамдылық мерзімі" туралы ашық айтқан.

Реклама
Реклама

"Әрине, бәріміз бір күні өлеміз. Айнаға қарап, бетімдегі кішкентай дақтарды көргенде, өзіме айтатынмын:" Уау. Бұл менің жарамдылық мерзімім аяқталып барады дегенді білдіреді, бәрі жақын", - дейді Тайсон.

Жақында ол NewsMax TV-ге шығып, арбада отырғаны түсірілген кадрларды түсіндірді.

"Ишиас дендеп барады, мәселе сонда. Ол басталғанда, мен тіпті сөйлей алмаймын! Құдайға шүкір, бұл менің денсаулығымдағы жалғыз мәселе. Қазір мен кереметпін. Менің өмірімде бәрі тамаша және біз қолымызда барға өте ризамыз", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Майк Тайсонның Майами әуежайында мүгедектер арбасында отырғаны түсірілген кадрлар жарияланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная