11 мамыр 2022 08:49

Майк Тайсон ұшақта жолаушыны ұрғаны үшін жауапқа тартылмайтын болды

Фото: instagram.com/miketyson

Сан-Матео округінің прокуроры Стивен Вагстаффе аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсонға ұшақта жолаушыны ұрғаны үшін айып тағылмайтынын, қылмыстық жауапқа тартылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ Sports сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вагстаффенің айтуынша, оқыс оқиғаға әкелген жәбірленушінің мінез-құлқы мен оның және боксшының өтініштеріне байланысты спортшыға айып тағылмайды.

Аудандық прокурор Тайсон да, соққы көрген адам да оқиғадан кейін сотқа жүгінгісі келмегенін айтты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Сан-Францискодан Флоридаға ұшатын ұшақта жолаушыны соққығы жыққан болатын. Желіде жанжал видеосы тарады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram