Майк Тайсон YouTube жұлдызы Логан Полды жекпе-жекке шақырды

Фото: karate.ru© Фото: karate.ru©

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон блогер Логан Полды жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ФАН порталына сілтеме жасап. 

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон блогер Логан Полды жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ФАН порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы аты аңызға айналған спортшы Hot Boxing подкастында мәлімдеді.

Тайсон бұл жекпе-жектен қыруар ақша табатынын айтты. Сондай-ақ, ол Логан Пол мен оның ағасы Джейк мұндай көп миллиондық жекпе-жектен ешқашан бас тартпайтынын атап өтті. Боксшы видеоблогерлер 100 миллион доллар үшін бәрін жасайтынына, тіпті өзін ұруға мүмкіндік беретініне сенімді. 

Реклама
Реклама

Логан Пол 2021 жылдың жазында рингке шыққан. Ол кезде қарсыласы боксшы Флойд Мейуезер болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңімпаз аталмады. Оның ағасы Джейк те бірнеше жекпе-жек өткізіп, UFC спортшыларын жеңген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная