Мейвезер Головкин үшін рингке қайта орала ма?

© facebook.com

Бес салма? д?режесінде б?рын?ы ?лем чемпионы Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) ?шін бокс?а ?айта оралмайтыны жайлы ашып айтты, - деп хабарлайды GiveMeSport.com.

Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) үшін боксқа қайта оралмайтыны жайлы ашып айтты, - деп хабарлайды GiveMeSport.com.

"Мен зейнетке шықтым. GGG жайлы алаңдауды қой, одан да Флойд Мейвезер жайлы ойла", - деді Мейвезер журналистің сұрағына жауап бере отырып.

40 жастағы америкалық боксшы жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегорды 26 тамызда Лас-Вегаста T-Mobile аренасында жеңгеннен кейін спорттық мансабын аяқтайтыны жайлы мәлімдеді. Кездесу бокс ережесі бойынша өтіп, оныншы раундта америкалық техникалық нокаутпен жеңді.

Реклама
Реклама

Осылайша, Мейвезер өзінің 50-ші жекпе-жегін жеңіп, Рокки Марчианоның рекордын бұзды, ол 49 рет жеңімпаз атанып (43 нокаут), бірде-бір рет жеңілмеген.

Головкин болса бірнеше рет Мейвезермен жұдырықтасуды армандайтыны туралы айтқан еді. Қазақстандық боксшы Мейвезермен шаршы алаңға шығу үшін 154 фунтқа дейін түсетіні туралы да айтқан болатын. Алайда бұл енді іске аспайтын секілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news27
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама