Мейвезер Головкинді мазақтады

?лемні? б?рын?ы ?здік боксшылар тізімінде к?ш баста?ан Флойд Мейвезер орта салма?та?ы чемпион Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) та?ы бір есім ойлап тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемнің бұрынғы үздік боксшылар тізімінде көш бастаған Флойд Мейвезер орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) тағы бір есім ойлап тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен бір жігіттің жекпе-жегін көрдім. Сіздер менің кім туралы айтып отырғанымды білесіздер, ол - Triple-L - себебі ол менімен жекпе-жекке шықса, үш рет жеңілер еді. Қазіргі уақытта мен бір спортшы үшін ғана рингке қайтып оралуға дайынмын. Оның есімі - Конор МакГрегор.

Мен әлі де белсенді боксшы болсам, мен онда... Сіздер түсіндіңіздер ғой. Мен оның күл-талқанын шығарар едім. Ал қазіргі уақытта мені тек мега қаражатты жекпе-жектер қызықтырады... Головкин деген кім өзі?", - деді Мейвезер Fighthype.com сайтына берген сұхбатында. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, әлемнің 12 дүркін чемпионы өз отандасы Дэниэл Джейкобсқа Головкинді жеңу үшін басқа бір әдістерді ұсынғанын айтады. 

"Головкин соққы жасай алады, ол жақсы панчер, алайда мен Джейкобсты жаттықтырамын ау деймін, себебі Дэнни мынадан да жақсырақ жұдырықтасар еді. Мен оған тиімді жолдарын көрсетер едім. Ол соңына дейін тұрды, Головкин секілді ол да жақсы боксшы, ең бастысы олардан жақсы жұп шықты", - деді Мейвезер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама