Мексикалық бокс аңызы Канело - Головкин жекпе-жегіне болжам жасады

©Hoganphotos

Мексикалық бокс аңызы Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Marca.

Мексикалық бокс аңызы Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Marca.

Чавестің пікірінше, Канело Головкинмен ауыр жекпе-жек өткізеді, бірақ оның отандасы жеңіске жетеді және бұл жолы оны нокаутпен аяқтайды. 

Сонымен бірге Чавес трилогия тым кеш болатынына көңілі толмайтынын жеткізді. Дегенмен ол 17 қыркүйекте Головкин мен Канело рингте кездескенде, үшінші жекпе-жек жанкүйерлердің көңілін қалдырмайды деп сенеді.

Реклама
Реклама

Үшінші жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Альварес абсолют әлем чемпионы атағын алғаш рет қорғайды.

Альварес мамырдың басында жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңіліп қалған еді.

Ал Головкин сәуірде орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super титулдары сарапқа салынған жекпе-жекте жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Танымал промоутер Канело - GGG трилогиясына қатысты мәлімдеме жасады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная