Мен әлемді таңғалдыруға дайынмын - Джейкобс Головкинмен алдағы жекпе-жегі жайлы

Мен әлемді таңғалдыруға дайынмын - Джейкобс Головкинмен алдағы жекпе-жегі жайлы

Америкалы? Дэниэл Джейкобс же?іліп к?рмеген ?аза?станды? Геннадий Головкинмен алда?ы жекпе-жегіне ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Джейкобс Instagram желісіндегі пара?шасында жекпе-жек жайлы видео?ндеу жариялады.

Америкалық Дэниэл Джейкобс жеңіліп көрмеген қазақстандық Геннадий Головкинмен алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Джейкобс Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек жайлы видеоүндеу жариялады.

 "Жаңалығым бар. Мен 18 наурызда Madison Square Garden аренасында GGG-мен жұдырықтасамын. Күттіріп қойғаным үшін кешірім сұраймын. Бір жағдайларды реттеу керек болды, енді барлығы өз орнына келді, үмітім зор. Мен әлемді таңғалдыруға дайынмын. Бруклин, бұл қолымнан келеді", - дейді Джейкобс.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке қашан шығатынын жариялаған еді. GGG Дэнни Джейкобспен 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Жекпе-жекті HBO (PPV) арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама