Мен Головкинді жеңдім, жанкүйерлер бұл сөзімді қолдайды - Джейкобс

© HBO.com

Америкалы? боксшы Дэниэл Джейкобс ?аза?станды? Геннадий Головкинді же?дім деп есептейтінін м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинді жеңдім деп есептейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен жекпе-жекті жеңдім және жанкүйерлер менімен келіседі деп ойлаймын. Мен кем дегенде екі раундта жеңдім. Мен қазылар алқасының шешімімен жеңілдім және осы шығарған шешімдерімен келісуім керек. Бірақ осы жекпе-жектен кейін екеуміз де (Головкинді айтады - Авт.) көп жанкүйер жинап алдық", - деп мәлімдеді Джейкобс жекпе-жектен кейін.

Ал Головкиннің өзі кездесу аяқталған соң Джейкобсты мақтады және осы жолы 12 раундтық жекпе-жек қажет болғанын айтты. "Джейкобсты жоқ қыла алмадым, бірақ мен кісі өлтіруші емеспін. Оған респект", - деді Головкин.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желілерде Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің ұпайлар саны жазылған құжат пайда болды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама