"Мен Головкиннің фанатымын" - Майк Тайсон

Геннадий Головкин мен Майк Тайсон. © kvedomosti.com

Аса ауыр салма?та ?лемні? б?рын?ы абсолют чемпионы Майк Тайсон ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? стилі ?найтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің стилі ұнайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның пікірінше, Головкин салмақ категориясына қарамастан, pound-for-pound бойынша үздік боксшы. "Мен Головкиннің фанатымын. Бүгінде ол pound-for-pound бойынша үздік. Рингте ол жәй ғана жауынгер емес, нағыз жаналғыш. Ол рингке ұпай айырмасымен жеңуге шықпайды, қарсыласын жойып жіберуді мақсат тұтып көтеріледі. Головкин көрерменге қалауын бере алады", - деп келтіреді Тайсонның сөзін Notifight.

Ал мұның алдында орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Фернандо Варгас Головкинді жекпе-жектерінің әсері бойынша дәл осы Тайсонмен салыстырған еді. Мұндай ұқсастықты WBA, IBF және IBO бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа да байқаған. 

Реклама
Реклама

2015 жылдың сәуірінде Тайсон Головкинді "аңызға айналған кейіпкер" деп атаған. Ал GGG өзін екінші Тайсон деп санамайтынын айтқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news13
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама