12 мамыр 2020 12:43

"Мен оралдым". Майк Тайсон жанкүйерлерін жаттығуымен таңғалдырды

Фото:instagram.com/miketyson

Америкалық танымал боксшы Майк Тайсон Instagram-да өзінің жаттығуларын көрсетіп, рингке оралғысы келетінін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық танымал боксшы Майк Тайсон Instagram-да өзінің жаттығуларын көрсетіп, рингке оралғысы келетінін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодан 54 жастағы спортшы өз бапкерімен жаттығып, жасаған жойқын соққыларын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Іске ақылмен кіріссең, бәрі мүмкін болады. Ақылмен жаттығыңыз. Ақылмен қалыпқа келуге болады", - деп жазды Тайсон видеоның астында.

"Мен оралдым", - деді боксшы видеоның соңында.

Видео 1,5 миллионнан астам оқырманға ұнаған. Олар "Вау!", "Чемпион осында!", "Темір Майк" деген пікір қалдырды.

Қазір Майк Тайсонның Instagram желісінде 10,5 миллион оқырманы бар.

Еске салайық, Тайсон соңғы жекпе-жегін 2005 жылғы 11 маусымда өткізді. Ол Ирландияның орта салмақтағы боксшысы Кевин Макбрайдпен жұдырықтасып, жеңіліп қалған еді. 2019 жылдың сәуірінде боксшы ринге оралғысы келетін жоспарын айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram