Мен жаңа тарихты жазып шыққым келеді - Головкин

IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын таяуда ғана жеңіп алған әрі WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьемен жекпе-жегінен кейін болашақ жоспарларын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен өте бақыттымын. Достарыма үлкен шоу сыйладым. Адамдарыма рақмет, - деді Головкин жекпе-жектен кейін. - Мен Лемьені құрмет тұтамын, ол жақсы боксшы".

"Мен орта салмақтағы барлық белбеуді алғым келеді және жаңа тарихты жазғым келеді. Айта кетейік, мен боксшымын, мен бизнесмен емеспін. Менің төрт белбеуім бар, тағы да болады деп үміттенемін. Ары қарай не? Мен Мигель Котто - Сауль Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасқым келеді", - деді қазақстандық.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Голвовкин - Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама