ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2021 | 14:13
Менеджер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі басты қиындығын атады
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (14-0) промоушендегі үшінші айқасын 2022 жылдың ақпанында өткізуі мүмкін. Бұл туралы The AllStar YouTube арнасына берген сұхбатында спортшының менеджері Саят Әбдірахманов айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әбдірахманов Рахмонов талантты екенін айтады.
"Жыртқыш инстинкті бар және әмбебап - күресе де алады, тік тұрып та жұдырықтасады. Өз салмағындағы ең бойшаңдардың бірі. Ол топ-15 рейтингке кіруге дайын. Жарнамаланып жүрген өзге файтерлерге қарағанда алғашқы айқастарында мықтырақ қарсыластарды жеңген.
Қиындықтың бірі - бұл әрине ағылшын білмеуі. Өзге қиындық ол әлі де UFC-ге үйренісіп жатыр. Дегенмен оны асықтырғым келмейді, бір-екі жекпе-жектен кейін өзін судағы балықтай сезіне бастайды. Оның болашағы зор.
Оған ақпанға жекпе-жекке шығу ұсынылды. Біз қарсыластың жауабын күтіп отырмыз. Ол келісе салысымен, келісімшарт жасаймыз да, жекпе-жек туралы құлақтандырамыз. Әзірге бұл қарсылас та промоушендегі жолын екі жеңістен бастағанын ғана айта аламын", - дейді менеджер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также