ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 қаңтар 2017 18:36
Мені Головкиннің күшімен қорқыту мүмкін емес, оны соққыға жығамын - Кіші Юбенк
?лыбританиялы? боксшы кіші Крис Юбенк (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдамалары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) та?ы да ?арсы шы?ты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ұлыбританиялық боксшы кіші Крис Юбенк (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) тағы да қарсы шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша, ол болашақта Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондай-ақ, ұлыбританиялық боксшы осы жекпе-жекте неліктен жеңіске жететініне сенімді екенін айтып берді.
"Мен Головкинді ұрып-соға алатынымды білемін. Ол тек жұдырықтың күшімен әрекет ете алады. Мен мансап жолымда ауыр салмақтағы боксшылармен спарринг өткіздім, мықты боксшылармен жұдырықтастым. Головкин осылай ешкіммен де жекпе-жек өткізген жоқ. Мені оның күшімен қорқыту мүмкін емес", - деді ұлыбританиялық боксшы.
Сондай-ақ, кіші Юбенк Головкиннің соққыларды өткізіп алатынын айтты. "Меніңше, бокста ең маңыздысы - соққыға алу және өзінді ұруға жол бермеу. Бұл менің философиям", - деді боксшы FightHype.com басылымына берген сұхбатында.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу