Менімен жұдырықтаспай жатып, алға жоспар құру ақымақтық - Джейкобс Головкин-Альварес келіссөздері туралы

© inform.kz

Америкалы? боксшы Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинні? командасын Сауль "Канело" Альвареспен келісс?з ж?ргізіп жат?аны ?шін сын?а алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкиннің командасын Сауль "Канело" Альвареспен келіссөз жүргізіп жатқаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Біздің жекпе-жек өтпей жатып "Канеломен" жұдырықтасуды талқылау оның командасы мен өзі үшін де қисынсыз. Бірақ оның бар назары менде деп ойлаймын. 

Мені бұл ынталандыра түседі деп айта алмаймын, бірақ, белгілі бір деңгейде қайрап қойды. Бұл жекпе-жектегі жеңіс арманыма жеткізетіндіктен-ақ маңызды. Маған осы да жеткілікті. Бұл көрермендерді қыздыру болса да, алға жоспар құру ақымақтық деп ойлаймын. Менімен жекпе-жек өткізу керек болғандықтан ғана жұдырықтаспайтын болар", - деп келтіреді Джейкобстің сөзін BoxingScene.com.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Альварес пен Головкиннің командалары былтырдан бері келіссөз өткізіп жатыр. Том Леффлердің сөзінше, жекпе-жек биыл қыркүйекте өтеді.

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте болады деп белгіленген. "Канело" болса 6 мамырда Лас-Вегаста Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама