Менімен жұдырықтасқанда Головкин қолын түсірсе, ақымақ болғаны - Джейкобс

© Vesti.kz

WBA т?жырымы бойынша Regular белбеуіні? иегері Дэниэл Джейкобс ?аза?станды? Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жектен не к?тетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

WBA тұжырымы бойынша Regular белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жектен не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Ол өзін кез келгенге ұрғызып қояды дегенге сену ақымақтық болар еді. Дегенмен ол алдыңғы қарсыластарынан менің мүлде басқа екенімді біледі, сондықтан қауіптенеді. Ол өзін ұрғызып қарап тұрмас, ал егер менімен жұдырықтасқанда қолыңды түсіріп қойсаң, ақымақ болғаның!

Мен физикалық тұрғыда ең мықты күйде боламын, мен бұрын жаттығып көрмегендей жаттығамын. Еңбектеніп жатырмын. Маған биікке көтерілген андердогтар туралы оқиғалар ұнайды. Мен өмір бойы күресіп келдім, мен дайынмын", - дейді  Дэниэл Aleetboxing басылымына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама