01 қаңтар 2019 09:18

Мейвезер Хабибпен жұдырықтасуды сұрап жалынып жүр - Нурмагомедовтің менеджері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Әли Абдель-Әзиз америкалық боксшы Флойд Мейвезер ресейлікпен жекпе-жек ұйымдастыруды сұрап жалынып жүр деп мәлімдеді. Бұл туралы TMZ хабарлады.

"Бір ай бойынла хабарласып жүрміз. Ол жекпе-жек өткізуді сұрап жалынып жүр. Бұл өтірік десе, мен хатты көрсетемін. Өтірікті айтпа, Флойд", - деді Абдель-Әзиз. 

Нурмагомедов былтыр 6 қазанда ирландиялық Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақта UFC белбеуін қорғап қалған еді. Ресейлік аралас жекпе-жектен турнирлерде 27 рет кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Мейвезер болса кәсіпқой бокста 50 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тауып көрмеген.

Бұған дейін Нурмагомедов америкалықпен кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети