Мигель Коттоның бапкері Головкиннің жеңілмейтініне күмән келтірді

Геннадий Головкин. ©Тұрар Қазанғапов

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы - пуэрторикалық Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жеңілмейтін боксшы екеніне күмән келтіреді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Фредди Роуч өз шәкіртінің мексикалық Сауль "Канело" Альваресті ғана емес, Геннадий Головкинді де жеңе алатынын мәлімдеді. "Орта салмақта қызықты жекпе-жектер өте көп. Котто Альвареспен кездесіп, оны жеңсе, келесі қарсыласы Геннадий Головкин болады. Бәрі Головкинге лайықты қарсылас жоқ деп жатады, бірақ Котто оның жонынан таспа тіле алады", - деді Роуч. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, мұның алдында Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша айдың ең үздік боксшысы атанған еді. 18 қазанда ол АҚШ-та мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп, титулын (орта салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы) сәтті қорғады және WBC уақытша чемпионы белбеуін жеңіп алды. Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 2015 жылдың 21 ақпанында Монакода өтеді. Ол ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен жұдырықтасады.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама