Министр Дәурен Абаев Қанат Исламға жеңіс тіледі

© vesti.kz

?Р А?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаев ?анат Ислам?а ж?не осы бокс кешінде ба? сынайтын бас?а да боксшылар?а с?ттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрді? Facebook желісіндегі жеке пара?шасына сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қанат Исламға және осы бокс кешінде бақ сынайтын басқа да боксшыларға сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрдің Facebook желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасап.

Министр өзінің жазбасында былай деген:

Қымбатты достар!

Реклама
Реклама

Талантты боксшымыз Қанат Исламның ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды. Бокс кешін "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

Қанат - жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі. Оның өзге елдегі зор мүмкіндіктерден бас тартып, атажұртына оралуын, сонымен қатар еліміздің атағын шығаруға талпынуын үлкен азаматтық деп білемін.

Осындай намысты жігіттеріміздің арқасында Қазақстан әлемге танылуда. Өскелең ұрпақ салауатты өмір салтына, спортқа құлшынуда.

Осының барлығы - биыл 25 жылдығын атап өткелі отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі.

Қанатқа және осы кеште бақ сынайтын басқа да боксшыларымызға сәттілік тілеймін!

Бүгін баршамыз бір кісідей спортшыларымызға қолдау көрсетейік.

Еске салайық, 29 қазанда "Алматы Аренада" өтетін Ислам мен Аллотей кездесуі бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Андеркартта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы, Жаңқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шарибаев және Айдос Ербосынұлы шығады. Бұл шараны "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, көрсетілім - Астана уақытымен 18.00-де басталады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама