"Мықты айқас болады". Промоутер Головкинді бірінші болып нокаутқа түсіретін боксшыны атады

© Тұрар Қазанғапов

Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) нокаутқа түсіретін бірінші боксшы бола алады. BoxingScene.com порталына берген сұхбатында мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран осындай пікір білдірді, - деп жазады Vesti.kz.

"Әрине, Мунгия Головкинмен жұдырықтаса алады. Бұл бір тамаша жекпе-жек болатынын сезіп тұрмын. Хайменің оны бірінші болып нокаутқа түсіре алатын тамаша мүмкіндігі бар. GGG-мен рингке шықcа керемет болар еді. Мықты айқас болары сөзсіз", - дейді промоутер. 

Қаңтарда өткен кейінгі жекпе-жегінде Мунгия 11-раундта ирландиялық Гэри О'Салливанды (30-4-0, 21 KO) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы бірінші кездесуін жеңіспен бастаған еді.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама