Назарбаев Головкинге: "Сен айрықша табандылық таныттың"

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Америка ??рама Штаттарында?ы Лас-Вегаста ?ткен WBA, WBC, IBO, IBF ж?не The ring т?жырымдары бойынша бокстан ?лем чемпионы ата?ы ?шін жекпе-жек ая?тал?ан со? Геннадий Головкинге жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста өткен WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің.

Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы - өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін", - делінген жаделхатта.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама