12 мамыр 2022 17:53

Назым Қызайбай Ыстамбұлда алғашқы қарсыласынан жеңілді

©Olympic.kz

Екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын сәтсіз өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын сәтсіз өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай колумбиялық Ингрит Лорена Валенсиямен кездескен. Төрешілер жеңісті 3:2 есебімен колумбиялық боксшыға берді.

Айта кетейік, Қызайбай 2014 және 2016 жылы әлем чемпионы атанған. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Жайна Шекербекова (52 келіге дейін), Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (70 келіге дейін) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.

Ал Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін) және IBA командасымен шыққан қазақстандық Ангелина Лукас (52 келіге дейін) Ыстамбұлдағы жарысты ерте аяқтаған.

Бұл турнирде алтын медаль алғандарға 100 мың доллар, финалистерге 50 мың доллардан беріледі. Ал қола жүлдегерлер 25 мың доллар көлемінде сыйақы алады.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram