Нұрбек Оралбай Өзбекстан боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Нұрбек Оралбай Өзбекстан боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық спортшы Нұрбек Оралбай Ұлан-Баторда (Моңғолия) бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық спортшы Нұрбек Оралбай Ұлан-Баторда (Моңғолия) бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Tengri Sport.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық әлем чемпионының қарсыласы өзбекстандық Жасурбек Юлдошев болды. Ол 2024 жылы Азия чемпионатының финалына дейін жетіп, онда тағы бір қазақстандық Бекзад Нұрдәулетовтен жеңілген болатын.

Бірінші раундта тәжірибелі қазақстандық боксшы басымдық танытты - бес төрешінің бесеуі де жеңісті Оралбайға берді.

Реклама
Реклама

Екінші раундта да жағдай өзгерген жоқ – отандасымыз барлық төрешілердің шешімімен тағы да басым түсті.

Үшінші раундта Юлдошев жекпе-жек барысын өзгертуге тырысқанымен, қазақстандық боксшы кездесуді сенімді түрде жеңіспен аяқтады.

Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетіп, бокстан Азия чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Нұрбек Оралбай әлем чемпионатында топ жарса, 2024 жылы Олимпиада ойындарының финалына дейін жетіп, күміс жүлде иеленген еді.

Бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасына Азия чемпионатының алғашқы алтынын 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов сыйлаған болатын. Ал Төрехан Сабырхан өз финалында есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасына екінші алтынды Сабыржан Аққалықов әкелді – ол да Өзбекстан өкілін тізе бүктірді.

Айта кетейік, кеше, 9 сәуірде Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы 2 алтын (Надежда Рябец, Дина Исламбекова), 1 күміс (Бақыт Сейдіш) және 2 қола медаль (Валентина Хальзова мен Айгерім Сәттібаева) иеленді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама