Нью-Йорктегі қазақ-полицей жекпе-жекте жеңді

Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кеші аясында өтті және жоспарланған алты раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ниязовқа берді.

Бұл оның кәсіпқой рингтегі 14-ші және 2017 жылдан бергі алғашқы жеңісі болды. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалды, содан кейін омыртқааралық диск жарығына, тағы пандемияға байланысты рингке орала алмады.

Реклама
Реклама

Ал 29 жастағы аргентиналық профи рингте бес рет жеңген және сегізінші рет жеңіліп тұр.

Еске салайық, Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ балалық шағында отбасымен АҚШ-қа қоныс аударған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная