17 наурыз 2022 | 11:42

"Өкінішті". Головкин Муратамен жекпе-жегіне қатысты қиындықтар туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтуі керек жекпе-жекке қатысты қиындықтарды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтуі керек жекпе-жекке қатысты қиындықтарды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтетін болды. Бұл туралы қазақстандық боксшы журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында айтты.

"Дайындық созылып кетті, ұзақ уақытқа. Желтоқсанда бабыма келдім. Одан кейін ақпанға ауыстырды, оған дайындалдым. Енді бәрі сәуірге шегерілді. Көңілге бір демеу болары, екеуміз де осындай жағдайда екеніміз және бұл біздің кінәмізден еместігі. Алайда екінші жағынан желтоқсанда бабыма келіп, осы уақытқа дейін екі-үш жекпе-жек өткізіп тастауға болар еді. Міне бұл өкінішті", - деді боксшы. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Геннадий Головкин карьерасын аяқтайтын ойы жоқ екенін айтқан. Дегенмен ол қазіргі және нарықтағы өзгерістерді есепке алсақ, кез келген шешімі оң болатынын айтты.

Бұған дейін боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риото Муратамен 2021 жылғы желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі кейінге шегерілгенін растаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная