Орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді - Джейкобс Головкинмен екінші жекпе-жек жайлы

© sport-express.ru

Америкалы? боксшы Дэниэл Джейкобс ?аза?станды? Геннадий Головкинмен шаршы ала?да та?ы к?ш сынасу?а ?мітті.

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңда тағы күш сынасуға үмітті.

"Асыға күтетін жекпе-жегім. Орта салмақта ең күшті екенімді дәлелдегім келеді. Түзете алатын бірнеше дүние бар, бокста. Артқа қарап, не істей алатыңызды бағамдай аласыз. Ал мен ең мықты екенімді дәлелдегім келеді", - дейді Джейкобс Boxingnews24.com порталына.

Еске салайық, боксшылар былтыр наурызда жұдырықтасқан. Ол кезде төрешілер шешімімен (115-112, 115-112 и 114-113) қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Жақында америкалық боксшы польшалық Мацей Сулецкиді жеңіп, WBA чемпионына міндетті қарсылас атанды. Қазір бұл белбеу Геннадий Голвкинде.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама