Орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді - Джейкобс Головкинмен екінші жекпе-жек жайлы

Орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді - Джейкобс Головкинмен екінші жекпе-жек жайлы © sport-express.ru

Америкалы? боксшы Дэниэл Джейкобс ?аза?станды? Геннадий Головкинмен шаршы ала?да та?ы к?ш сынасу?а ?мітті.

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңда тағы күш сынасуға үмітті.

"Асыға күтетін жекпе-жегім. Орта салмақта ең күшті екенімді дәлелдегім келеді. Түзете алатын бірнеше дүние бар, бокста. Артқа қарап, не істей алатыңызды бағамдай аласыз. Ал мен ең мықты екенімді дәлелдегім келеді", - дейді Джейкобс Boxingnews24.com порталына.

Еске салайық, боксшылар былтыр наурызда жұдырықтасқан. Ол кезде төрешілер шешімімен (115-112, 115-112 и 114-113) қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.

Жарнама
Жарнама

Жақында америкалық боксшы польшалық Мацей Сулецкиді жеңіп, WBA чемпионына міндетті қарсылас атанды. Қазір бұл белбеу Геннадий Голвкинде.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама