Оскар Де Ла Хойя Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды

© Eurosport

Алты салма? д?режесінде ?лемні? б?рын?ы чемпионы, б?гінде Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясыны? басшысы Оскар Де Ла Хойя шаршы ала??а ?айтып келуге дайын екенін жеткізді. 

Алты салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы, бүгінде Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя шаршы алаңға қайтып келуге дайын екенін жеткізді. 

Оның айтуынша, ол өзінің бұрынғы қарсыласы - америкалық Флойд Мейвезер секілді UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізуді қалап отыр. 

"Мен бәсекелестік білдіруге дайынмын, әлі күшім сарқылған жоқ. Мен жылдам әрі күштімін. Мен екі раундта МакГрегорды құлатуға дайынмын. Мен осы жекпе-жек үшін шаршы алаңға қайтып келемін. Ол ең қатыгез ирландиялық, ол король. 

Реклама
Реклама

Ашығын айтайық, октагонда ол мені жеп қояды. Мен оныңмен шаршы алаңда жұдырықтасқым келеді. Мен соңғы бес айды жаттығу жасап келемін", - деп жазады Boxingnews24 Де Ла Хойяның сөзін. 

Сонымен қатар, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу туралы ол боксқа жасалған құрметсіздік деп айтқан еді. 26 тамызда ирландиялық оныншы раунда техникалық нокаутпен жеңілген еді. 

Соңғы рет 44 жастағы Де Ла Хойя 2008 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шыққан еді. Ол Мэнни Пакьяомен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді. Кәсіпқой бокста Оскар 45 жекпе-жек өткізіп, 39-ында жеңіске жетті. Алты рет жеңілді. 2007 жылы төрешілер шешімімен Мейвезерден жеңілді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама