"Өзін осындай жағдайға жеткізген адаммен қалай санасасың". Головкин "Канеломен" үзілген достығы жайында

© boxingscene.com

Орта салма?та WBС, WBA (Super) ж?не IBO т?жырымы бойынша бокстан ?лем чемпионы Геннадий Головкин K.O. Artist Sports басылымына берген с?хбатында мексикалы? Сауль "Канело" Альвареспен досты?ы не себепті ?зілгенін айтты. 

Орта салмақта WBС, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен достығы не себепті үзілгенін айтты. 

Сұхбат кезінде қазақстандық боксшыға: "бір кездері "Канеломен" дос болып, Big Bear лагерінде бірге жаттықансыздар. Достықтарыңыз үзілді ме" деген сұрақ қойылды.  

"Жақсы түсінісетін едік, бір-бірімізге адам ретінде көзқарасымыз жақсы болатын. Өткен жайттардан кейін... Осы кезде болып жатқанның барлығы - өзін қалай ұстайтыны, адамның жеке басына көшуі, бұл оған жараспайды. Өзін осындай жағдайға қойып отырған адаммен қалай санасасың?" - дейді Головкин. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Альварес пен Головкин Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасқан. 12 раундақа созылған жекпе-жек тең аяқталған еді. Боксшылар биыл 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізуге әрең келісті. Бұл жекпе-жек те аталған орында өтеді және HBO арнасы қарымтаны ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама