05 сәуір 2022 | 10:39

"Өзімді алдамаймын". Головкин жасы және карьерасы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жасы және карьерасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жасы және карьерасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенбі, 9 сәуірде GGG біріктірілген жекпе-жекте WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы "суперчемпион" жапон Риота Муратамен кездеседі. Айта кетейік, 8 сәуірде Головкин 40 жасқа толады. Жекпе-жек Сайтамада (Жапония) өтеді.

"Мен 40-қа тақап қалдым және бұрын ешқашан 40-та болмағандықтан, оның қандай болатынын білмеймін. Бірақ қазіргі жағдай бойынша, бәрі керемет.

Мен сырттан ешқандай қысымды сезбеймін. Оған мүлде мән бермеймін, бірақ, сонымен қатар өз жағдайымды толық білемін. Шындықтан алыстамаймын және өзімді алдамаймын. Менде ешқандай адасу жоқ. Мен қолымнан не келетінін толық білемін және карьерамды жалғастырамын, өйткені қолымнан келеді", - деп келтіреді vRINGe.com Головкиннің сөзін.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная