The Ring журналы желтоқсан айы санының мұқабасын жария етті, онда орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бейнеленген.
"Бұл айдағы санның мұқабасындағы жұлдыз - P4P рейтингінде бірінші орынға жаңадан орналасқан Геннадий Головкин", - делінген басылымның Twitter желісіндегі парақшасында.
Қазақстандық боксшы белгілі журналдың мұқабасына шығуы туралы былай деп пікір жазды: "The Ring, осындай құрметтеріңізге рақмет".
Еске салайық, америкалық Андре Уорд бокспен қош айтысқаннан кейін Геннадий Головкин The Ring нұсқасы бойынша салмақ категориясына қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшыларның рейтингінде көш бастаған болатын.