Пакьяоға салмақ қосып, Головкинмен жұдырықтасу немесе бокстан кету ұсынылды

© Vesti.kz

Же?іл салма? бойынша б?рын?ы ?лем чемпионы америкалы? Брэндон Риосты? ойынша, Мэнни Пакьяо бокстан кетуі керек немесе салма? ?осып, ?аза?станды? Геннадий Головкинмен жекпе-жек ?ткізгені ж?н, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы америкалық Брэндон Риостың ойынша, Мэнни Пакьяо бокстан кетуі керек немесе салмақ қосып, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгені жөн, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Меніңше Пакьяо қолғабын қабырғаға іліп қойып, боксқа келген жастарға орын беруі керек. Ол Флойдпен шыққысы келеді, бірақ оны барлығы көрді және ол үшін қайтадан ақша төлеуі екіталай. Мэнниге қатысты дөрекілік танытқым келгені емес, алайда, оған лайық қарсылас көріп тұрғаным жоқ. Әрине, егер ол салмақ қосып, "Канело" немесе Головкинмен жұдырықтаспаса. Басқа амал көрмей тұрмын", - деді Риос ES News басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Пакьяо соңғы рет 2015 жылдың қарашасында Джэсси Варгаспен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек толық 12 рауынд өтіп, филиппиндік боксшының жеңісімен аяқталды. Осыдан кейін Пакьяо жартылай орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша чемпион атанды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама