21 шілде 2019 12:34

Пакьяо өзінен он жас кіші боксшыны ұпай санымен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Joe Camporeale-USA TODAY Sports © Joe Camporeale-USA TODAY Sports

Филлипиндік Мэнни Пакьяо Кит Турманды жеңіп, америкалықтың WBA Super белбеуін тартып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.  Кездесу Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті. 


Филлипиндік Мэнни Пакьяо Кит Турманды жеңіп, америкалықтың WBA Super белбеуін тартып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.  Кездесу Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті. 

Бірінші-раундта-ақ, Пакьяо әсерлі соққы жасап үлгерді. Ол америкалықты артқа шегініп жатқан жерінен қуып жетіп, нокдаунға түсірді. 

Мэнни қалған раундтардан шабуылды үдете түскен, алайда Кит алтыншы айналымда филиппиндік боксшыдан айласын асырып, жағдайды өз қолына алды. Жетінші раундта америкалық толықтай басым болды деуге болады. 


Joe Camporeale-USA TODAY Sports

Соңғы раундта екеуі де бір-біріне әсерлі соққылар жұмсап, кешті барынша қызықтыра түсті. 

Төрешілер шешімімен жеңіс Пакьяоға бұйырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети