Промоутер Головкин-Чавес жекпе-жегінің қашан және қай салмақта өтуі мүмкін екенін айтты

© thaboxingvoice.com

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF н?с?алары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы Геннадий Головкинні? (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер ?аза?станды? боксшыны? мексикалы? Хулио Сезар Чавеспен (49-2-1, 32 KO) жекпе-жек ?ткізу ?шін 168 фунт салма? д?режесіне ?туге дайын екенін м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының мексикалық Хулио Сезар Чавеспен (49-2-1, 32 KO) жекпе-жек өткізу үшін 168 фунт салмақ дәрежесіне өтуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Промоутердің айтуынша, боксшылар арасындағы кездесу 2017 жылдың желтоқсан айында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, Головкиннің командасы осы күні басқа мексикалық боксшы Хильберто Рамиреспен де кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

"Біз бірнеше жыл бұрын Чавеспен жекпе-жек жайлы келіссөздер жүргізген болатынбыз, бірақ олар сәтсіз аяқталған еді. Бірақ енді Чарес Головкинмен жұдырықтасу ол өткізе алатын ең үлкен кездесулердің бірі болатынын түсінген сияқты", - деді Том Леффлер.

Реклама
Реклама

Бірақ егер де Головкин Чавеспен немесе Рамиреспен жекпе-жек өткізу үшін салмақ дәрежесін 168 фунтқа дейін көтерсе де, кейін ол өзінің белбеуін қорғап қалу үшін 160 фунт салмаққа қайта оралатын болады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама