Промоутер Головкинмен салыстырған боксшы қатарынан 15-жекпе-жегін нокаутпен жеңді

Украиналық проспект Сергей Богачук (15-0, 15 КО) кәсіпқой бокстағы 15-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Украиналық проспект Сергей Богачук (15-0, 15 КО) кәсіпқой бокстағы 15-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

24 жастағы Богачук Голливудта Том Леффлер ұйымдастырған (Калифорния штаты, АҚШ) The Avalon кешінде жекпе-жек өткізді. Украиналық боксшының қарсыласы мексикалық Фернандо Марин болған. Жекпе-жектің үшінші раундында Бокачук қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Осылайша, украиналық боксшы 15 жекпе-жегінің бәрін нокаутпен жеңді. Ал 16 жеңісі бар Марин төртінші рет жеңіліп отыр. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін промоутер Том Леффлер Богачукті өзінің ең танымал боксшысы, қазақстандық Геннадий Головкинмен салыстырған болатын. Боксшылар Big Bear-де Абель Санчестің қоластында бірге жаттыққан еді, бірақ биыл сәуірде қазақстандық боксшы бапкерін ауыстырған. 

Жеңіліс дәмін татпаған. Қазақстандық проспект-боксшылар кімдер

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама