16 ақпан 2021 | 09:14

Промоутер Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Фото: DAZN©

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтып, GGG-дің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (54-1-2, 36 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі туралы пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтып, GGG-дің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (54-1-2, 36 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі туралы пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Головкиннің келесі жекпе-жегі маусымда өтуі мүмкін. Алайда нақты күні немесе қарсыласы туралы шешім жасалмаған.

Сондай-ақ, Леффлер Головкин "Канеломен" трилогия өткізу үшін екінші орта салмаққа көтерілуге ​​дайын екенін айтты.

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, промоутер мексикалық Хайме Мунгиямен келіссөзге қатысты нақты жауап бермей, тек бұл жекпе-жектің қазір қызық боларын атап өтті. Леффлер Токиода WBA (Super) чемпионы Риота Муратамен кездесуді де қызық жекпе-жек деп санайды.

Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін желтоқсанда АҚШ-та өткізіп, поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсірген. Сол кездесуде GGG әлем чемпионы титулдарын 21-рет қорғап, рекорд орнатқан еді.

Трилогияға келер болсақ, Головкин - "Канело" арасындағы екі жекпе-жек орта дивизион аясында өткен - біріншісінде боксшылар тең түссе, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалыққа берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная