28 мамыр 2020 | 14:06

Промоутер "Канело" мен Головкин платформасы "тақырға отырғаны" туралы мәліметке пікір білдірді

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Instagram желісінде тікелей эфирде жазылушыларымен байланысқа шығып, сұрақтарға жауап берді. Промоутер DAZN стриминг қызметінің шығынға батып, тұралап қалғаны жайлы сыбысқа да тоқтала кетті, -  деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Instagram желісінде тікелей эфирде жазылушыларымен байланысқа шығып, сұрақтарға жауап берді. Промоутер DAZN стриминг қызметінің шығынға батып, тұралап қалғаны жайлы сыбысқа да тоқтала кетті, -  деп хабарлайды Vesti.kz.

"DAZN туралы жақында жаңалық болады. Естігеннің бәріне сене бермеңіздер. Жұма күні жекпе-жектер кестесін талқылау үшін кездесу өткіземіз. DAZN құлдырап барады, DAZN анау, DAZN мынау деп жазады. Біз жұмада алдағы жекпе-жектерді талқылаймыз", - деп мәлімдеді Хирн. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында БАҚ DAZN пандемия салдарынан бокс кештері өтпей қалуына байланысты қаржылық қиындықтарға тап болғанын хабарлаған еді. Сәуірде 2700 адам жұмыс атқаратын компания қызметкерлер санын азайтуға мәжбүр болды. Ал DAZN-ның басты инвесторы миллиардер Леонид Блаватник қаржыны үнемдеуге шақырған еді. 

Еске салайық, 2018 жылы Matchroom басшысы Эдди Хирн DAZN платформасымен бір миллиард долларға сегіз жылдық келісімшартқа қол қойды, ол бойынша промоутер жылына 32 шоу өткізуі міндет.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная