03 ақпан 2020 | 15:16

Промоутер орта салмақтағы мықтылардың кімдермен айқасқа түсетінін болжады

Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) мен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасында жекпе-жек өткізгісі келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) мен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасында жекпе-жек өткізгісі келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Деметриус ұлыбританиялық Билли Джомен жұдырықтасқысы келеді. Ал меніңше, Хайме Мунгия жақсы қарсылас. Джермалл Чарломен жекпе-жек те тамаша болатын еді. Сонымен қатар, "Канело" және Головкинмен айқас та жақсы. Мен оны осы қарсыластардың бірімен көргім келеді. Стилі ыңғайсыз, сондықтан ешкім онымен жекпе-жекке шыққысы келмейді. Оның қаншалықты мықты екенін бокста бәрі біледі. Сондықтан маған мұндай жекпе-жектерді ұйымдастыру қиындау. 

Реклама
Реклама

Дәл қазір неше түрлі бағыттағы сценарий бар. Билли Джо "Канеломен" жекпе-жекке шығу мүмкіндігін күтіп отыр. Сондерс пен Каллум Смит арасында белбеулер біріктіретін кездесу ұйымдастыруға болады. Деметриусқа орта салмақта Джермалл Чарло, Хайме Мунгия, "Канело" мен GGG-ге қарсы жекпе-жекке шығу керек. Бұл есімдердің қай-қайсысы Андраденің келесі айқасына жарасымды болады", - деп келтіреді Хирннің сөзін SecondsOut.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная