Қабырғасы сынған Алтункаяны Шүменов неліктен бірден нокаутқа түсірмеді?

© Тұрар Қазанғапов

Кубалы? белгілі бапкер, екі салма? д?режесі бойынша ?аза?станны? т???ыш ?рі жал?ыз ?лем чемпионы Бейбіт Ш?меновті? жатты?тырушысы Исмаэль Салас титулды? жекпе-жекте Алтункаяны неліктен бірден нокаут?а т?сіруді талап етпегенін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

Кубалық белгілі бапкер, екі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстанның тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің жаттықтырушысы Исмаэль Салас титулдық жекпе-жекте Алтункаяны неліктен бірден нокаутқа түсіруді талап етпегенін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

Шүменов қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірген еді. Сол кезде қазақстандық боксшының қарсыласының қабырғасын сындырғаны кейін анықталды. Жекпе-жек оныншы раундқа дейін жалғасты. Бірақ, Шүменов сол кезде соққыларын үдетуге болғанын, алайда бапкерінің тактикасы бойынша жұдырықтасқанын айтты.

"Бейбіт ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шыққан жоқ және мен алты-жеті раундтан әрі шыдаған болса оны жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Сонымен қатар, ол рингте болып жатқанның барлығын бақылай алды, мен өте бақыттымын. Әзірше жоспар құрудың қажеті жоқ. Бейбітке демалу керек, себебі онда ұзақ жаттығу лагері болды. Содан кейін ғана алдағы жоспарларды талқылаймыз", - деді Салас.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Шүменов Астанада түрік боксшысы Хизни Алтункаяны жеңді. Бұл жеңіс Шүменов үшін 18-нші болып отыр (12 - уақытынан бұрын), сөйтіп ол WBA титулын қайтарып алды. Салас үшін бұл белдік шәкірттерінің бірі алған жиырмасыншы белдік.

Шүменов пен Алтункаяның жекпе-жегінде түсірілген фоторепортажды мына жерден көруге болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама