Қайрат Ералиев Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шықты

© Данияр Майлыбаев

Бокстан Гамбургте ?тіп жат?ан ?лем чемпионатында 56 келіге дейінгі салма?та ?айрат Ералиев жартылай финал?а шы?ты. Отандасымыз жартылай финалда британды? Питер МакГрейлді же?ді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев жартылай финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда британдық Питер МакГрейлді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жекті екі боксшы ширақ бастады. Жылдам шабуылға шығып, соққыларын дөп тигізуге асықты. Қайрат қарсыласының жұдырығынан жылдам сытылып шығып, өз соққыларын тура тигізген сәттері көп болды. Британдық боксшы алға ұмтыла түсіп, белсенділік танытуға тырысқанмен қазақ боксшысының қарымы жоғары екені айқын байқалды.

Отандасымыз финалда Гаурав Бидхури (Үндістан) - Дюк Раган (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан кубалық боксшы Йоаннас Аргилагосқа жол беріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама