Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасында жеңілген өзбек боксшысынан ақыры үстем болды

© Данияр Майлыбаев

Бокстан Германияны? Гамбург ?аласында ?тіп жат?ан ?лем чемпионатында 56 келіге дейінгі салма?та ?айрат Ералиев ширек финал?а шы?ты. Отандасымыз 1/8 финалда ?збек боксшысы Муроджан Ахмадалиевті же?ді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев ширек финалға шықты. Отандасымыз 1/8 финалда өзбек боксшысы Муроджан Ахмадалиевті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасының ширек финалында осы өзбек боксшысынан жеңілген еді. Бұл жолы қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, сол кеткен есенің орнын толтырды.

Реклама
Реклама

Мураджон Ахмадалиев 56 келіге дейінгі салмақта бас жүлдеден үмітті боксшылардың бірі болатын.

Айта кетсек, сол Рио Олимпиадасында Ералиевтің жұдырықтасқаны көрермендердің есінде мәңгі сақталған еді. Қазақ боксшысы өзіне қарата жасалған соққылардан аңызға айналған Мұхаммед Әлидің мәнерінде жалтарып, шеберлігін көрсетті.


© Данияр Майлыбаев

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан филиппин Роген Ладонды жеңіп, ширек финалға шыққан еді.

Чемпионаттың ширек финалына тағы үш қазақстандық боксшы шықты. Олар - Жомарт Ержан (49 келіге дейін), Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейін).

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама