Қанат Ислам биыл Қазақстанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Қанат Ислам биыл Қазақстанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр © Instagram.com

Қанат Ислам Қазақстанда чемпиондық кездесу өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Биыл төрт немесе бес жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Астанада немесе Алматыда чемпиондық кездесу өткізуім мүмкін. Менің салмағымда мықты боксшылар көп, олардың ішінде Мигель Котто, Сауль Альваресті атар едім", - деді Қанат Ислам. 

Боксшы жекпе-жектің ешқайсысы оңай болмайтынын айтты. "Ең ауыр кездесуді мен Эквадорда өткіздім. Таулы жер болғандықтан рингте тез шаршап қаласың. Он раундтың тоғызына дейін жұдырықтастым. Мойындау керек, өте ауыр болды. Жекпе-жекті сәтті аяқтағаныма қуандым", - деді ол.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, боксшы шаршы алаңға ақпан айында оралады. Оның қарсыласының кім болатыны әзірше белгісіз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама