Қанат Ислам мен Робсон Ассис салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бірінші орта салма?та ?нер к?рсететін ?аза?станды? боксшы ?анат Ислам (22-0, 18 КО) мен оны? алда?ы кездесудегі ?арсыласы Робсон Ассис (16-3, 9) жекпе-жек алдында?ы салма? ?лшеу р?сімінен ?тті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО) мен оның алдағы кездесудегі қарсыласы Робсон Ассис (16-3, 9) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресми дерек бойынша, Қанат Исламның салмағы 154,2 фунт (69,94 келі) болса, ал оның қарсыласының салмағы 154,6 фунт (70,12 келі) болды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы боксшының салмағы 154 фунттан (69,85 келіге дейін) аспау керек. Бірақ жекпе-жекте ешқандай белбеу сарапқа салынбайтын болса, онда екі тарап келісіп, боксшы шектеу қойылған салмақтан асуына болады.

32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ол өзі өткізген 22 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Алдағы кездесу Исламның АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан төртінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Қазақстан, Колумбия және Доминикан Республикасында жұдырықтасқан.

Ал 38 жастағы Ассис болса 2006 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, қазіргі уақытқа дейін кәсіпқой бокста 19 кездесу қатысқан. Оның 16 кездесуінде жеңіске жеткен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама