ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 ақпан 2017 18:08
Қанат Ислам мен Робсон Ассис жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды
17 ақпанда Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. WBO Intercontinental және WBA Federatin атақтары АҚШ-тың Уилмингтон қаласында сарапқа салынады.
Мұның алдында жекпе-жектің "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрестілетіні хабарланған. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 ақпан таңғысын болады. Осыған байланысты трансляция 07:55-те басталады.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде 48 жастағы атақты боксшы кіші Рой Джонс 46 жастағы Бобби Ганнмен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді тағады.
Еске салайық, Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне Филадельфияда жаттықты, ертең қарсыластар матчалды баспсөз мәсдихатына қатысады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу