ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 қараша 2015 10:37
Қанат Ислам қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақ боксшысы Қанат Ислам қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, кәсіби рингтегі жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қанат Ислам Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистамен жұдырық түйістірді. АҚШ-та бірінші орта салмақта өткен кездесу бірінші раундта аяқталды.
Қазақ боксшысы үшін бұл кәсіби рингтегі жиырмасыншы жекпе-жектегі жиырмасыншы жеңісі. Батиста 15 жекпе-жегінде сегізінші рет жеңіліп отыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу