Қанат Ислам WBA белбеуінің міндетті үміткері атануға мүмкіндік беретін жекпе-жектен бас тартты

Бірінші орта салма?та WBO NABO ж?не WBA Inter-Continental н?с?алары бойынша ?лем чемпионы ?анат Ислам (25-0, 20 КО) осы салма?та WBA белбеуі чемпионыны? міндетті ?міткер болуы ?шін ?туі керек бол?ан америкалы? боксшы Джон Верамен (18-0, 11 КО) кездесуден бас тартты. Б?л туралы Vesti.kz порталыны? тілшісіне америкалы? боксшыны? командасыны? ?кілі айтып берді.

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) осы салмақта WBA белбеуі чемпионының міндетті үміткер болуы үшін өтуі керек болған америкалық боксшы Джон Верамен (18-0, 11 КО) кездесуден бас тартты. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне америкалық боксшының командасының өкілі айтып берді.

Дереккөздің айтуынша, Қанат Исламның командасына барлық сұраған қаржыны беруге дайын болған екен. Бірақ қазақстандық боксшы сонда да бұл ұсынысты қабылдамапты. Дегенмен де Қанат Исламның нақты не себептен жекпе-жектен бас тартқаны туралы ештеме айтылмады.

Қазір Вераның командасы Қанат Ислам рейтингінде бірінші тұрған WBA шешімін күтіп отыр екен. Еске салайық, 21 қараша күні ұйым екі боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға бір ай уақыт берген болатын. Қай жеңгені осы салмақтағы суперчемпионы Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы атанатыны туралы да айтылған.

Реклама
Реклама

Ал бұған дейін Вераның командасы Қанат Исламның командасымен келіссөз басталғаны туралы хабарлаған еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшы да жуық арада екі кездесу өткізетінін айтты. Оның бірі жуық арада АҚШ-та өтсе, екіншісі мамыр айында Астана қаласында өтетінін хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама