Қанат Исламның қарсыласы қазақстандық бокс туралы: Геннадий Головкиннен басқа ешкімді білмеймін

Канадалы? к?сіп?ой боксшы Брэндон Кук (18-0-0, 11 КО) ?аза?станды? ?анат Исламмен (24-0-0, 19 КО) ?тетін жекпе-жекті? алдында арнайы баспас?з конференциясында журналистерге ?аза?стан?а ?андай ма?сатпен келгенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Канадалық кәсіпқой боксшы Брэндон Кук (18-0-0, 11 КО) қазақстандық Қанат Исламмен (24-0-0, 19 КО) өтетін жекпе-жектің алдында арнайы баспасөз конференциясында журналистерге Қазақстанға қандай мақсатпен келгенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Астанада өтетін бокс кешіне қатысуға шақырғанына алғысымды білдіремін. Сіздердің елде таңғажайып адамдар тұрады екен. Жекпе-жекке қатысты айтар болсам, мен бірінші рет шет елде жекпе-жек өткізгелі тұрмын. 9 қыркүйекте не болатынын көреміз. Бұл - бокс. Мен кездесуге дайынмын", - деді Кук. 

Канадалық боксшы Қанат Исламмен кездесуге келісімшарт жасасқанға дейін қазақстандық бокс туралы тек Геннадий Головкинді біліп келгенін айтады. 

Реклама
Реклама

"Қазақстандық бокс туралы не білемін? Геннадий Головкинді білемін. Сонымен бітті. Ал өзімнің қарсыласым туралы не айтуға болады. Шаршы алаңға шығып, жұдырықтаспағаннан кейін, ол туралы бірдеіе деу қиын. Барлығы рингке шыққаннан кейін белгілі болады. 

Еске салайық, 9 қыркүйекте Астанада бокс кеші өтеді. Қазасқтандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек сол кештің басты кездесуі болып саналады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама