Қанат Исламның WBA белбеуіне үміткер анықталатын жекпе-жегі Астанада өтуі мүмкін бе?

Қанат Ислам

Ал?аш?ы орта салма?та ж?дыры?тасатын америкалы? боксшы Джон Вераны? (18-0, 11 КО) ?кілі Roy Jones Jr. Boxing Promotions компаниясыны? мачмейкері Гай Тэйлор Vesti.kz тілшісіне берген с?хбатында ?анат Исламмен жекпе-жекті? ?айда ?туі м?мкін екенін айтты.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Джон Вераның (18-0, 11 КО) өкілі Roy Jones Jr. Boxing Promotions компаниясының мачмейкері Гай Тэйлор Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламмен жекпе-жектің қайда өтуі мүмкін екенін айтты.

"Келіссөздер жүріп жатыр. Кей тұстар бойынша ортақ шешім болмай жатыр. Созылып кетуі мүмкін. Мәселенің көбі біздің командаға байланысты емес", - дейді Тэйлор.

Мачмейкер жекпе-жектің қайда өтуін қалайтынын және оны Қазақстанда өткізу неге мүмкін еместігін айтты. 

Реклама
Реклама

"Лас-Вегаста өткенін қалар едім. Қалай дегенмен бәрі қаржыға келіп тіреледі. Ал жекпе-жекті сіздердің елде өткізу ұсынысы бізді қызықтырмайды, оған қыруар қаржы қажет", - дп түсіндірді ол. 

Айта кетейік, Қанат Исламның командасы желтоқсан соңында АҚШ-қа баратынын, ал мамырда Астанада жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген.

Еске салайық, WBA резалюциясы бойынша, алғашқы орта салмақтағы чемпиондық атаққа міндетті қарсылас анықталатын бұл жекпе-жекті өткізу туралы келіссөздер 21 желтоқсанда аяқталу керек. Олай болмаған жағдайда промоутерлік сауда басталады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама