16 сәуір 2019 17:28

"Qasaq Style-ды мақтан тұтамын". АҚШ-тың үздік менеджері Әлімханұлын мақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Top Rank © Top Rank

The Ring журналының тұжырымымен 2017 жылы үздік менеджер атанған Эгис Климас қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын (6-0, 2 КО) титулды жекпе-жегіндегі жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


The Ring журналының тұжырымымен 2017 жылы үздік менеджер атанған Эгис Климас қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын (6-0, 2 КО) титулды жекпе-жегіндегі жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өзімнің Qasaq Style-ымды мақтан тұтамын!!!" - деп жазды Климас Instagram желісінде Әлімханұлының жұдырықтасу кезінде түсірілген видеоның сипаттамасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Very proud of you Qazaq Style!!! And happy to work with you!!! #Repost @janibek_alimkhanuly_team with @make_repost ・・・ QAZAQ STYLE #klimasmanagement

Публикация от Egis Klimas (@klimasmanagement)

25 жастағы Әлімханұлы 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасты. Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болды. Жекпе-жек толық он раунда өтіп, Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін иеленді.

Әлімханұлы осымен алтыншы жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр. АҚШ-та ол 2018 жылдың сәуірінде жұдырықтаса бастап, бұл елде төрт кездесу өткізді. Ал Оливас бесінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, оның 16 жеңісі бар.

Қазақстандық жұдырықтасқан кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролланы (34-6-3, 13 КО) нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Ломаченконың ісін Top Rank компаниясы жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети